Ауылдық округтер әкімдеріне үміткерлер ұсыну қорытындысы туралы

БАҚ-ка (сайтқа) жариялау үшін

Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

Ауылдық округтер әкімдеріне үміткерлер ұсыну қорытындысы туралы

 

2021 жылдың 9 шілдесі күні сағат 18.00-де әкімдікке үміткерлер ұсыну аяқталды. Аудандағы 2 сайлау округі  бойынша барлығы 8 үміткер ұсынылды. Олардың  5-уі (62,5 пайызы) саяси партиялардан  ұсынылса, 3 адам (37,5 пайызы) өзін-өзі ұсынды. «Nur Otan» партиясынан- 2, «ADAL» саяси партиясынан-1, «Ауыл» ХДПП-1,      «Ақжол» ҚДП-1 адамнан үміткерлер ұсынылды.

Орташа бәсекелестік 1,3 адамды құрады.

Қазіргі таңда ұсынылғандардың қолданыстағы заңдылықтарға сәйкестігін анықтау шаралары жүргізілді және сәйкестігі танылған  үміткерлерді тіркеу  2021 жылдың 14 шілдесінде аяқталады.

 

Ағымдағы жылғы 9 шілдеге барлық округте кем дегенде екі адамнан ұсынылды.

Сайлау округтерінде  балама үміткерлер шығып қалған жағдайда (екі адамнан кем үміткер қалған кезде)  заңдылықтарға сәйкес үміткерлерді ұсыну бес күнге ұзартылады.

Ауданда 10 шілдеге барлық 6 үміткер тіркелді. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес үміткерлерді тіркеудің қорытынды хабары БАҚ-та ресми түрде жарияланады.

 

Дата публикации
10 июля 2021