21 қыркүйек - Дүниежүзілік тазалық күні
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында бірқатар маңызды мәселелерді көтеріп, алдағы уақытта шешілуі тиіс екенін мәлімдеген еді. Мемлекет басшысы ерекше назар аударған салалардың бірі еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту болып табылады. Ол жыл басынан бері жүргізіліп жатырған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңыздылығын айтып, әлі де бұл науқанның жалғасын табуы керектігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, акцияға әрбір азамат жауапты екенін айтып, өңір басшыларына сапаға басты назар аудару керектігін жеткізді.
Айта кетейік, Жыл сайын бүкіл әлем бойынша Дүниежүзілік тазалық күні "World Cleanup Day" акциясы өтеді. Қазақстан осы әлемдік бастамаға белсенді қатысуда. Биыл "World Cleanup Day" акциясы еліміздің барлық өңірлерінде 21 қыркүйек күні өтеді.
Аталмыш акцияға ақтөбеліктерді де белсенді қатысуға шақырамыз! Қоршаған ортаны қорғауға үлес қосып, туған өлкеміздің тазалығы мен гүлденуіне жұмыла атсалысайық