
Елімізде білім беру саласы жаңа белеске көтеріліп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған "Келешек мектептері" жобасы жас ұрпақты жан-жақты дамыту үшін бар жағдай жасалған білім ордасы әрі озық технологиялардың тоғысқан орталығының жарқын көрінісіне айналды. Бұл-жоба жай ғана мектеп салу емес, ел ертеңін тәрбиелейтін жаңа үлгідегі білім ордаларын қалыптастыруға бағытталған ауқымды қадам.