
Алатау Қазақстандағы толық цифрланған алғашқы қала болады — Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысында Алатау қаласын дамытуды тағы бір маңызды міндет екенін айтты. Оның айтуынша, Алатау Қазақстандағы толық цифрланған алғашқы қала ретінде дамиды. Онда мемлекеттік қызметтер, инфрақұрылым мен экономика бірыңғай. цифрлық экожүйеге біріктіріліп, инвесторлар үшін әлемдік деңгейдегі қолайлы құқықтық орта қалыптасады