
«Келешек мектептері» жобасы аясында еңсе көтерген №84 мектеп №8 мектептің орын тығыздығы мәселесін шешу үшін ашылды. Ақтөбе қаласындағы «Келешек» тұрғын алабында орналасқан білім ордасы жан-жаққа қатынап оқып жүрген көп баланың өз мектептерінде оқуына мүмкіндік берді.