Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайда Қазақстанның цифрлық басымдықтары мен Data Center Valley жобасын таныстырды
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жоғары технологиялық компанияларының басшыларымен кездесті. Ол кездесудің әлемдік ғылым мен инновация орталықтарының бірі саналатын Шанхайда, Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясы қарсаңында өтуінің ерекше мәнге ие екенін атап өтті.