
Жеңімпаздарға 3 айға дейінгі мерзімде жобаны жүзеге асыру үшін 1 000 000 теңгеге дейін қаржыландыру, сондай-ақ ұйымдастырушылар тарапынан әдістемелік қолдау көрсетіледі.
✔️Гранттар келесі бағыттар бойынша беріледі:
* волонтерлік бастамаларды дамыту (төтенше жағдайлар, экология, медицина, мәдениет, әлеуметтік бағыт, жануарларды қорғау) – 60 грант;
* инклюзивті қоғамды дамыту – 18 грант;
* ауылдық жерлерді дамытуға арналған бастамалар – 18 грант.
📌Өтінімдер 2026 жылғы 13 сәуірден 30 сәуірге дейін қабылданады.
Байқауға келесі үміткерлер қатыса алады:
* тіркелген үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ);
* волонтерлік жобалар бойынша бастамашыл топтар;
* волонтерлік жобалар бойынша 18 жастан асқан жеке тұлғалар.