Көптоғай ауылдық округінде мерейлі жаңалық!

Көптоғай ауылдық округінде мерейлі жаңалық!

Жыл басынан бері ауылдық округіміз бойынша 4 ақ жаулықты анамыз «Күміс алқа» иегері атанды. Көп бала тәрбиелеп, отбасының берекесін кіргізіп отырған ардақты аналарымыздың еңбегі мемлекет тарапынан лайықты бағаланды.
Аналарымызды марапаттарымен құттықтаймыз! Дендеріне саулық, шаңырақтарына шаттық тілейміз. Батыр аналарымыздың қатары көбейе берсін!