
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында округтегі барлық мекеме ұжымдары ағаш отырғызу шарасына белсене қатысты. Шараның мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және ауылды көгалдандыру. Жалпы көлемі 250 түп көшет отырғызып, табиғатты аялауға өз үлестерін қосты. Бұл — тек көшет егу емес, туған жеріміздің болашағына, экологиясына салған инвестициямыз. Әрбір егілген ағаш — ертеңгі таза ауа мен жайлы ортаның кепілі.
Табиғатты бірге сақтайық! Белесене атсалысқан барлық ауылдастарға рақмет! 🙌🌳