Ақтөбе облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы іс-шаралар жалғасуда.

Ақтөбе облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы іс-шаралар жалғасуда.

11 қазандағы мәлімет бойынша шара барысында су нысандарының жағалауларына тазалау жұмыстары жүргізіліп, 97 925 аула мен 1 481 әлеуметтік нысан қоқыстан тазартылды. Акцияға 395 771 тұрғын, 7 399 мекеме мен кәсіпорын ат салысты. Сондай-ақ, 289 саябақ пен сквер ретке келтірілді. Елді мекендер аумағында 333 902 ағаш және 6 415 бұта отырғызылды.
Бағдарлама аясында батырлар мен белгілі тарихи тұлғаларға арналған 257 ескерткіштердің айналасындағы аумақтар қамтылды.
Аумақтарды жинау үшін 5 786 бірлік техника тартылып, қатты тұрмыстық қалдық полигондарына 68 684 тонна қалдық шығарылды.
Шара - жас ұрпаққа табиғатты аялауға,өлкемізді көріктендіруге бағытталған. Тазалық табалдырықтан басталады,сондықтан қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау әр азаматтың басты міндеті.

 
 
  •  
  •  
  •