
⚜️ Облыс әкімі Асхат Шахаров Жібек жолы тұрғын алабынан басталатын Хромтау бағытындағы автожолда жүргізіліп жатқан құрылыс учаскесіне барды.
🏗️ Жоба жетекшісінің мәліметінше, қазіргі уақытта асфальт-бетон жабынын төсеу жұмыстары жалғасуда. Төменгі қабаты толықтай төселген. Сапа талаптарына сәйкестігі тексерілгеннен кейін жолдың беріктігі мен ұзақ мерзімге төзімділігін қамтамасыз ететін қиыршықтас-мастикалы асфальт-бетонның жоғарғы қабаты төселеді.
📍 Жөнделіп жатқан жол учаскесінің жалпы ұзындығы – 20 шақырым. Бүгінде жұмыстардың 70 пайызы орындалған. Жобаны «Көквест» агрофирмасы» ЖШС жүзеге асыруда. Жобаның жалпы құны – 3,5 млрд теңге.
🔍 Жұмыстың сапасын Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының мамандары тұрақты бақылауда ұстап отыр. Олар қолданылатын материалдардың талаптарға сәйкестігін, төсеу технологиясының сақталуын және жол жабынының тығыздалу коэффициентін тексеруде.
📌 Аталған автожол қала тұрғындары мен оған іргелес елді мекендер үшін маңызды бағыттардың бірі саналады. Жолдың жаңартылуы қозғалыс қауіпсіздігін арттырып, жол қозғалысына қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
✅ Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс және жол жабынының сапасына аса көңіл бөлген жөн.