Байғанин ауданында ұялы байланыс толық қалпына келтірілді

Байғанин ауданында ұялы байланыс толық қалпына келтірілді

❗️ 2026 жылғы 9 шілдеде Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылында болған қатты желдің салдарынан «Қазақтелеком» АҚ теңгеріміндегі биіктігі 47 метр болатын металл құрастырмалы антенна-мачталық құрылғы құлаған болатын. Аталған нысан 1975 жылы пайдалануға берілген.

📶 Құлаған байланыс мұнарасында «Кселл» және «Алтел» ұялы байланыс операторларының, сондай-ақ сымсыз телефон желісінің жабдықтары орналасқан.

✅ Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде қазіргі уақытта «Кселл» және «Кар-Тел» байланыс операторларының қызметі толық қалпына келтіріліп, штаттық режімде жұмыс істеп тұр. Тұрғындарға ұялы байланыс қызметтері үздіксіз көрсетілуде.

📌 Байланыс мұнарасының құлауынан келтірілген материалдық шығын көлемі «Қазақтелеком» АҚ-ның орталық филиалы мен Байғанин ауданы әкімдігі бірлесіп жүргізетін бағалау жұмыстарының қорытындысы бойынша анықталады.