
🚧 Ақтөбе облысында республикалық маңыздағы «Қарабұтақ–Қостанай» автожолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Былтыр 40 шақырым жолды жөндеу жоспарланғанымен, мердігер небәрі 9 шақырымын ғана аяқтаған. Кейін онымен келісімшарт сот шешімімен бұзылды. Биыл жұмысты жаңа мердігер жалғастырып жатыр. Сонымен қатар жолдың тағы 49 шақырымына орташа жөндеу жүргізіледі.
«Бұл жолдың жалпы ұзындығы – 234 шақырым. Биыл екі нысанда жұмыс жүргізу жоспарланған. Оның бірінде 49 шақырым, екіншісінде 31 шақырым жөнделеді. Жалпы биыл 80 шақырым жол қамтылады. Ал жолдың 136–185 шақырым аралығындағы 49 шақырым учаскесін келесі жылы, яғни 2027 жылға, жоспарлап отырмыз», - дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрлан Нұрғали.