
⚜️ Облыстық мәслихаттың кезекті жиырма бесінші сессиясында депутаттар 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы, биылғы жылдың бюджетіне өзгерістер енгізу, сондай-ақ «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениет тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі өңірлік жоспарға түзетулер енгізу мәселелерін қарады.