Жабасақ ауылында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Жабасақ ауылында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

⚜️ Әйтеке би ауданының Жабасақ ауылында облыс әкімі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысын бағамдап, «Қарашатау – Жабасақ» автомобиль жолының жай-күйін көрді және жергілікті тұрғындармен жүздесті.

🚧 Ауыл халқы бұған дейін аймақ басшысының жеке қабылдауында жол мәселесін көтерген еді. Қабылдаудан кейін мәселе бақылауға алынып, бүгінде ұзындығы 13 шақырымды құрайтын «Қарашатау – Жабасақ» автожолын жөндеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта жолдың негізі дайындалып, қиыршық тас төсеу және оны нығыздау жұмыстары жүргізілуде.

✨ Жабасақ ауылында 535 адам тұрады. Биыл ауылға табиғи газ тарту жоспарланған. Қазіргі таңда шамамен 23 шақырым газ құбыры тартылды. Жобаға сәйкес жұмыстар қазан айында аяқталуы тиіс. Дегенмен мердігер мекеме нысанды тамыз айында пайдалануға беруге мүмкіндік бар екенін мәлімдеді.

🏗️ Облыс әкімі инфрақұрылымдық жобаларды сапалы әрі уақытылы аяқтаудың маңыздылығын атап өтіп, жолдарды дамыту мен ауылдарды газдандыру тұрғындардың өмір сүру сапасы мен өңірдің экономикалық белсенділігіне тікелей әсер ететінін жеткізді.

🌳 Жабасақ тұрғындарымен кездесу 2020 жылы ауыл түлектерінің бастамасымен салынған саябақта өтті. Бүгінде бұл жер ауыл тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған.

💬 Жергілікті тұрғын Мәрия Нәжімованың айтуынша, Жабасақ ауылында өмір сүру жағдайы жыл сайын жақсарып келеді.

🩺 Сонымен қатар Байжанкөл ауылының тұрғыны облыс әкімінен медицина мамандары мәселесін шешуге қолдау көрсетуді сұрады. Олардың айтуынша, бұрын ауылда дәрігер жұмыс істеген, алайда маман басқа жаққа қоныс аударған. Қазіргі уақытта медициналық қызметкердің жоқтығы, әсіресе балаларға көмек қажет болған кезде, тұрғындарға қолайсыздық туғызуда.

🔹 Асхат Шахаров бұл мәселе салалық құрылымдармен бірлесіп қарастырылатынын айтты.