Ақтөбе облысының жеті теміржол вокзалын жаңғыртуға 10,8 млрд теңге бағытталды

Ақтөбе облысының жеті теміржол вокзалын жаңғыртуға 10,8 млрд теңге бағытталды

📌 Үкімет отырысында облыс әкімі Асхат Шахаров жұмыстардың бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын баяндады. Аймақтың негізгі ірі тораптары жоғары дайындық сатысында. Мәселен, Шалқар вокзалындағы құрылыс-монтаждау іс-шаралары 78%-ға аяқталды. ол осы жылдың шілде айында жоспарлы пайдалануға берілмек. Ақтөбе орталық вокзалында жұмыстар 75%-ға орындалды, ал Қандыағаш вокзалында жұмыстар 53%-ға бағаланды.

«Модернизациядан өтіп жатқан 7 вокзалдың 4-еуі шағын вокзалдар. Бұл нысандарда жұмыстар 40-75% аяқталды. Нысандар осы жылдың 1 тамызына дейін пайдалануға беріледі», — деді Үкімет отырысында өңір әкімі.