Ақтөбе облысында 3 мыңнан астам адам Skills Enbek платформасында жаңа дағдыларды меңгерді

Ақтөбе облысында 3 мыңнан астам адам Skills Enbek платформасында жаңа дағдыларды меңгерді

📚 Skills Enbek онлайн-платформасы азаматтарға үйден шықпай-ақ сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім алып, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

🎯 Платформа жұмыссыз азаматтарға, жаңа мамандық меңгергісі келетіндерге және кәсіби дағдыларын жетілдіруді көздейтіндерге арналған. Оқу онлайн форматта өтеді.

💻 Қазіргі таңда платформада 604 курс бар, оның 319-ы тегін. Курстардың ұзақтығы 2 сағаттан 72 сағатқа дейін.

📈 Ақтөбе облысында есепші, агроном, жүргізуші және әлеуметтік жұмыс маманы бағытындағы курстарға сұраныс жоғары. Сондай-ақ бизнес, ауыл шаруашылығы, цифрлық технологиялар және қызмет көрсету салалары бойынша да оқу бағдарламалары ұсынылған.

✅ 2026 жылдың басынан бері өңірде 3 310 адам курстарды аяқтап, оның 3 009-ы сертификат алған. Ең белсенді қатысушылар – 36-50 жас аралығындағы азаматтар.

📍 Қосымша ақпарат алу үшін тұрғылықты жердегі Мансап орталығына жүгінуге болады.