Ақтөбе облысы түрік инвесторларымен стратегиялық әріптестікті кеңейтуде

Ақтөбе облысы түрік инвесторларымен стратегиялық әріптестікті кеңейтуде

🤝 Астанада өткен Қазақстан-Түркия бизнес-форумы аясында екі елдің делегация мүшелері құжат алмасты. Оның ішінде Ақтөбе өңірі де бар.

✈️ Turkish Aerospace компаниясы облысымыздағы «№406 Азаматтық авиация жөндеу зауыты» АҚ-мен бірлескен кәсіпорын құруды қолға алмақ. Өндіріс орны базасында «ANKA» ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіріледі және оларға сервистік қызмет көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

📌 Ұшқышсыз кешендерді іздестіру-құтқару жұмыстарына, стратегиялық нысандарды күзетуге, мұнай-газ құбырларына мониторинг жүргізуге және табиғи қорық аймақтарын патрульдеуге пайдалану жоспарлануда.

🏭 Тағы бір маңызды құжат - «Coca-Cola İçecek Kazakhstan» компаниясына қатысты. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбеде Қазақстандағы сусындар құю бойынша төртінші зауыт салынады. Өндіріс халықаралық экологиялық стандарттарға сай келіп, қалдықтарды басқарудың заманауи жүйелерін қамтиды.

📈 Жоба Қазақстандағы стратегиялық инвестициялық бастамаларды іске асыруды сүйемелдейтін инвестиция тарту жөніндегі ұлттық компания — Kazakh Invest қолдауымен жүзеге асырылуда.

🖋️ Инвестициялық келісім құжатына Ақтөбе облыстық индустриялық даму басқармасының басшысы Досжан Әлібеков пен Coca-Cola İçecek Kazakhstan компаниясының бас директоры Вели Динчель қол қойды.