
✨ Ақтөбе қаласында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында ауқымды өңірлік форум өтіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы жүйелі өзгерістер, нақты мәселелер мен оларды шешудің практикалық тетіктері ашық талқыланды.
⚜️ Форум жұмысына Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Екатерина Смышляева мен Қазыбек Әлішев, жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ мүлік иелері бірлестіктері мен пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары қатысты.
📊 Іс-шара ашық форматтағы панельдік отырыстан басталып, пленарлық сессияға ұласты.
✅ Пленарлық отырыста сөз алған өңір басшысы Асхат Шахаров «TURGYNDAR AMANATY» жобасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын дамытуға және азаматтар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға серпін беретінін атап өтті.
💬 «Бүгінгі жиын – ортақ мақсатқа жету жолындағы нақты қадамдарымыздың бірі. Отырыста көтерілген барлық мәселе назарға алынып, оларды шешу бойынша тиісті жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады. Әрбір ұсыныс салалық жоспар мен іс-шаралар барысында ескеріліп, оның орындалуы тиісті мемлекеттік органдар бақылауында болады. Ортақ міндеттерді орындауда жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізу қажет», – деді ол.
📌 Ал «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев өз сөзінде партия бастамасымен іске қосылған бұл жоба көппәтерлі тұрғын үйлердегі жүйелі мәселелерді шешудің нақты құралына айналып отырғанын атап өтті.
💬 «Бұл бағыттағы өзгерістер – тарифтер, абаттандыру, жарықтандыру, лифтілер мен қауіпсіздік – әрбір тұрғынның күнделікті өмір сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан біз тек талқылаумен шектелмей, нақты шешімдерге көшуіміз қажет. Партия нақты нәтижеге бағытталған жүйелі жұмысты жалғастырады», – деді ол.
🎯 Өз кезегінде депутат Екатерина Смышляева қараусыз қалған үйлер мәселесіне тоқталып, әкімдіктерге оларды мемлекеттік ұйымдар арқылы уақытша басқару өкілеттігі берілгенін атап өтті.