«Абайға құрмет»: Семейде Ақтөбе облысының тартуы – Жекпе-жек сарайының құрылысы басталды

«Абайға құрмет»: Семейде Ақтөбе облысының тартуы – Жекпе-жек сарайының құрылысы басталды

🌟 Абайдың 180 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен басталған «Абайға құрмет» акциясы аясында Ақтөбе облысы Семейге Жекпе-жек cарайын тарту етеді. Спорт нысаны қаланың сол жағалауында, Заря ықшамауданында салынады.

🏗 Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров бастаған арнайы делегация ғимарат бой көтеретін орында болып, Жекпе жек сарайының жобасын таныстырды.

📊 Спорт нысанының жалпы аумағы – 6700 шаршы метр. Жекпе-жек сарайы тоғыз жүзге жуық көрерменге арналған 2 қабаттан тұрады.

🔹 Құрылыс алаңында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров аймақ басшысы Берік Уәлимен бірге өңірдің жас спортшылармен кездесті.

💬 «Президенттің тапсырмасы бойынша сіздерге Жекпе-жек сарайын салып береміз. «Абайға құрмет» акциясы аясында заманауи спорт ғимараты бой көтереді. Бүгін Ақтөбе делегациясы арнайы келіп, спорт нысанының жер учаскесін белгілеп, әріптесіммен егжей-тегжейлі талқылап, бастапқы құрылыс-монтаж жұмыстарын бастап жатырмыз. Бір жарым жылдың ішінде аяқтаймыз деген жоспарымыз бар. Бұл спорт сарайы өскелең ұрпақтың спорттың айналысуына үлкен мүмкіндік береді», – деді Ақтөбе облысының әкімі.