
🛒 2026 жылдың 18 сәуірі күні сағат 8:00-де Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне, оның ішінде ет өнімдерін сатуға бөлінген 1 қатардың 11 орнында Байғанин, Қобда, Ойыл аудандарының және Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
🥛 Қала тұрғындары мен қонақтарына ет және сүт өнімдерімен қатар, «Ауыл аманаты» жобасының өнімдері де ұсынылады.
📍 Сонымен бірге, 18 сәуір күні сағат 9:00-де «Алтай» базарында және Есет батыр тұрғын алабы, 1 шағын ауданында («Дина» супермаркетінің жанында) Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
✅ Жәрмеңкелік өнімнің бағалары нарық бағасынан 10-15% - ға төмен болады.