
Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені (қайықтар, гидроциклдер, желкенді кемелер) басқару құқығына куәлік алу үшін қандай құжаттар қажет және оны қайдан алуға болады?
1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:
* кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы диплом немесе жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды аяқтағаны туралы куәлік (анықтама) ;
* "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 073/е нысаны бойынша Медициналық анықтама;
* 2,5x3,5 сантиметрлік екі фотосурет.
2) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын алу үшін:
* 2,5x3,5 сантиметрлік бір фотосурет.
3) бұрын берілген куәліктің қолданылу мерзімі өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:
* бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына берілген куәлік;
* № 073/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;
* 2,5x3,5 сантиметрлік екі фотосурет.
4) жүзу ауданының және (немесе) кеме үлгісінің өзгеруіне байланысты өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру:
* бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына берілген куәлік;
* № 073/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;
* 2,5x3,5 сантиметрлік екі фотосурет.