2026 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2026-2027 оқу жылына құжат қабылдау басталды

2026 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2026-2027 оқу жылына құжат қабылдау басталды

💻Академияда магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттарды қабылдау admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

📩 Биыл үміткерлер 1 сәуірден бастап 1 маусымға дейін тіркеліп, өтініш бере алады. Яғни құжат қабылдау процесі 2 ай ғана жүзеге асырылады.

✅ Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға 200 адам, докторантураға 12 адам қабылданады. Бұрын магистратураға тек 120 грант бөлінсе, биыл мемлекеттік грант саны 80-ге артты. Сондай-ақ үміткерлердің функционалдық еңбек өтілін анықтау бойынша арнайы комиссия құрылады.

📚Жаңа оқу жылына құжаттар 12 емес, 15 білім бағдарламасы бойынша қабылданады. Биыл жаңадан «ML-ҚҰҚЫҚ», «ЕМВА – ІСКЕРЛІК-ӘКІМШІЛЕНДІРУ», «DDPA – ЦИФРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ» білім бағдарламалары енгізілді.

📘Жекелеген білім беру бағдарламаларын ғылыми-педагогикалық бағытқа ауыстыруға байланысты «Мемлекеттік саясат», «Халықаралық қатынастар», «Экономика» бағдарламаларының оқу мерзімі 1,5 жылдан 2 жылға дейін ұзартылды.

📕Сонымен қатар 2 білім бағдарламасының оқу мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұлғайтылды:
✅ «MRD – Өңірлік даму»;
✅ «Адами ресурстарды басқару» білім беру бағдарламасы «Адами ресурстарды стратегиялық басқару» бағдарламасы болып өзгертілді және оқу мерзімі ұлғайтылды.

📈 «Мемлекеттік саясат» магистратура бағдарламасына түсушілер үшін ағылшын тілін меңгергенін растайтын сертификаттың болуы міндетті талап ретінде енгізілді.