Асхат Шахаров ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасын қабылдады

Асхат Шахаров ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасын қабылдады

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин және облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиевті қабылдады.

🔹Кездесу барысында тараптар өңірдегі әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Бұл бағыттың мемлекет, жұмыс берушілер және қызметкерлер арасындағы өзара тиімді диалогті нығайтудағы маңызы атап өтілді.

Сондай-ақ әлеуметтік-еңбек саласындағы өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, жалақы деңгейін арттыру, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызметкерлердің құқықтарын қорғау және әлеуметтік кепілдіктер жүйесін жетілдіру мәселелері сөз болды.

📌Кездесу қорытындысында тараптар еңбеккерлердің өмір сапасын арттыруға және өңірдің тұрақты дамуына бағытталған ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға әзір екендерін білдірді.