Қобда ауданында жолда қалғандарға көмек көрсетілді

Қобда ауданында жолда қалғандарға көмек көрсетілді

Қобда ауданында жолда қалғандарға көмек көрсетілді

🌨️ 2026 жылдың 8 наурыз күні Ақтөбе облысының Қобда ауданында ауа райының күрт нашарлауына байланысты жолда қалған жолаушыларға көмек көрсетілді.

🚧 Аудан әкімдігінің мәліметінше, қатты боран салдарынан Қобда ауданы аумағында Ойыл және Ақтөбе бағыттарында барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылған.

🚑 Осыған байланысты жолда қалған азаматтарды қауіпсіз жерге жеткізу үшін жедел түрде құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде барлығы 95 адам алдын ала дайындалған үш эвакуациялық пунктке орналастырылды.

👨‍👩‍👧 Эвакуациялық орындарға жеткізілгендердің ішінде 31 әйел, 11 кәмелетке толмаған бала және 53 ер адам бар.

🍲 Жолаушыларға ыстық тамақ беріліп, демалуға қолайлы жағдай жасалды. Жергілікті қызметтердің жедел әрі үйлесімді жұмысының арқасында жолда қалған азаматтар қауіпсіз жерге жеткізілді.

🙏 Эвакуациялық пункттерге орналастырылған жолаушылар көрсетілген көмек пен қамқорлық үшін алғыстарын білдірді.