
📊 Өңір ұлттық көрсеткіштер бойынша үздік 5 облыстың қатарына енді. Өлім-жітім деңгейі 3,5%-ға төмендеді.
🚧 2025 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары аясында 14 медициналық нысан салынды. Ауыл тұрғындары сапалы медициналық қызметке қол жеткізді.
🏥 Облыстық көпсалалы аурухана базасында ахуалдық орталық ашылып, бірқатар аудандық және ауылдық амбулаторияларға күрделі жөндеу жүргізілді.
🩺 Дәрігер тапшылығы 21,5%-ға қысқарды. Бюджеттен 55 млн теңге бөлініп, дәрігерлердің біліктілігі артты, гранттар мен тұрғын үй қолдауы көрсетілді.
🖥️ Медицина саласына заманауи технологиялар енгізілді: PACS жүйесі, телемедицина, жедел жәрдем автопаркі GPS-навигациямен жаңартылды.
🔹 2026 жылы облыстық қан орталығын салу, құзырет орталықтарын кеңейту, шалғай аудандарда медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру жоспарлануда.
📌 Сонымен қатар жүкті әйелдерге арналған «БЕСІК» мобильді қосымшасы пилоттық режимде іске қосылады.
💬 «Халық денсаулығына қамқорлық – мемлекетіміздің басым міндеттерінің бірі. Медициналық қызметтердің сапасын арттыру, дәрігерлерімізді қолдау және медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейту, әсіресе ауылдық елді мекендерде, аса маңызды. Медициналық сақтандыру қоры нақты әрі уақытылы жұмыс істеуі тиіс, бірде-бір медициналық мекеме қаржыландырусыз қалмауы қажет», – деп тапсырды әкім.