Ақтөбе облысының жұртшылығы Жаңа Конституция жобасын қолдады

Ақтөбе облысының жұртшылығы Жаңа Конституция жобасын қолдады

📍 Ақтөбе қаласындағы «Өнер орталығында» Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің өңір жұртшылығымен кездесуі өтті.

💬 «Жаңа Конституция жобасында адам капиталын, білім беру ісін, ғылым мен инновацияларды дамыту мәселесі негізгі стратегиялық басымдықтар ретінде айқындалды. Осылайша, Жаңа Конституция мемлекет дамуына тың серпін береді. Жаңа Конституцияның мәні мен маңызы – оның еліміздегі барша азаматтың, барлық әлеуметтік және кәсіби топ өкілдерінің мүддесі мен сұранысын қамтуында», – деді Ерлан Қарин.

🤝 Жиынға қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, білім, мәдениет, спорт, бизнес салаларының өкілдері мен жастар қатысып, шамамен 1000-ға жуық адам жиналды.

📜 Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері мен оның елдің алдағы дамуына ықпалы талқыланды. Құжатта адам капиталы, білім, ғылым мен инновацияны дамытуға басымдық берілгені айтылды.

⚖️ Сондай-ақ меншік құқығын қорғау, ұлттық экономиканы дамыту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін күшейту мәселелері сөз болды. Мәдениет пен шығармашылық еркіндікті қолдауға бағытталған жаңа нормалар да атап өтілді.

🇰🇿 «Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның берік іргетасы. Ал Әділетті Қазақстан – әрбір азаматтың мүмкіндігі мен әлеуетін ашатын мемлекет. Біз осы жолда бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.
Біздің өңірдің міндеті – елдік бастамаларды сапалы жүзеге асыру, әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, халықтың тұрмыс сапасын арттыру. Инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнесті қолдау – нақты басымдықтарымыз. Бізге тұрақтылық қажет. Бізге заң мен тәртіп қажет. Бізге әділетті қоғам қажет», – деді аймақ басшысы Асхат Шахаров.

📌 Қатысушылар Жаңа Конституцияны қабылдау мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты күшейтіп, еліміздің әділетті әрі прогрессивті дамуына берік негіз қалдыратынын атап өтті.

#АтаЗаң #ЖаңаКонституция
#референдум2026