
🎓 Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде елімізде жүзеге асырылып жатқан Конституциялық реформалардың мәні мен мазмұнын, Мемлекет басшысы ұсынған жаңа бастамалардың институционалдық негіздерін талқылауға бағытталған дөңгелек үстел өтті.
👥 Дөңгелек үстел жұмысына университеттің басқарма мүшелері, профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер мен құрылымдық бөлім өкілдері қатысты.
🗣️ Жиын барысында Конституциялық реформалардың негізгі аспектілері және қоғамдық диалогты институционалдандыру тетіктері мен оларды іске асырудағы академиялық қауымдастықтың рөлі талқыланды.
📊 Сараптамалық баяндамалар мен пікірталастар аясында қатысушылар ұсыныстарын ортаға салып, реформалардың тиімді жүзеге асырылуына ғылыми қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.