Ақтөбедегі ғасырлық тарихы бар колледж қайта жаңарды

Ақтөбедегі ғасырлық тарихы бар колледж қайта жаңарды

👤 Өңір басшысы Асхат Шахаров құрылыс-техникалық колледжге барды

🏗️ Колледж ғимараты 1964 жылы салынған. Былтырғы жылы оқу орнында оқу кабинеттері жаңартылып, инженерлік коммуникациялар ретке келтірілді, ғимарат айналасы абаттандырылып, материалдық-техникалық база жаңартылды.

👩‍🏫 Колледж директоры Гүлден Есенғалиева оқу орнында 680 студент білім алатынын, олардың 45 пайызы дуалды оқыту жүйесі бойынша оқитынын айтты. Колледжде бес бағыт бойынша мамандар даярланады: бағдарламалық қамтамасыз ету, электрмеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, дәнекерлеу ісі, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану. Түлектердің жұмыспен қамтылу деңгейі – 88 пайыз.

🔍 Облыс әкімі жаңартылған оқу кабинеттерін, шеберханалар мен оқу зертханаларын аралап көріп, оқытушылармен әңгімелесті, сондай-ақ колледжді одан әрі дамыту және кәсіби даярлықтың сапасын арттыру мәселелерін талқылады.

📈 Асхат Шахаров өңірде кәсіби білім беруді дамытудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңарту сапалы мамандар даярлауға жағдай жасайды.

🎯 «Бүгінде колледжде білім алуға қолайлы жағдайлар жасалған, бұл – студенттер үшін аса маңызды. Әрине, көпшілігі басшы болуды армандайды, алайда өңірге білікті жұмысшы мамандар да қажет. Сондықтан біздің міндетіміз – еңбек нарығында сұранысқа ие, құзыретті кадрларды даярлау. Биыл өз білімдері мен дағдыларын тәжірибеде қолдануға дайын 300 маманды түлетуді жоспарлап отырмыз», – деді облыс әкімі.