
QazVac авторы мен медицина саласының сарапшылары Ақтөбеде болашақ дәрігерлермен ұлттық құндылықтарды талқылады
👩⚕️👨⚕️ Ақтөбедегі Марат Оспанов атындағы БҚМУ-де 500-ден аса студент «Жастар және жалпыұлттық құндылықтар» тақырыбында өткен TEDx форматындағы мазмұнды кездесуге қатысты.
🏛️ Шараға облыс әкімі Асхат Шахаров, QazVac вакцинасының авторы Күнсұлу Закарья және елімізге танымал медицина саласының жетекші мамандары арнайы қонақ болды.
🎯 Кездесудің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен жалпыұлттық құндылықтарды жастарға кеңінен түсіндіру, «Әділетті Қазақстан» идеясын дәріптеу және болашақ медицина мамандарының азаматтық жауапкершілігін арттыру. Бұл ретте Президент бастамасымен жүзеге асып жатқан «Еңбек адамы» және «Таза Қазақстан» бағдарламалары аясында адал еңбек пен кәсіби жауапкершіліктің маңызына айырықша назар аударылды.
💬«Мен қарапайым отбасыда тәрбиелендім. Әкем мен анам медицина саласында қызмет етті. «Дәрігер бол, осы университетке оқуға түс» деп, ақыл-кеңесін айтып отырды. Бірақ, мен басқа саланы таңдадым. Ата-анам берген тәрбие мені өмірде табандылыққа, жауапкершілікке және өз күшіме сенуге үйретті. Сіздерге айтпағым, әр минутты тиімді пайдаланыңыздар. Жаманнан жиреніп, жақсыны үйреніңіздер. Әрбір ісіңіз, әр қадамыңыз – арманыңызға жетудің нақты жолы. Сондықтан өзіңізге сеніңіз, талпыныңыз, күш-қуатыңызды толық пайдаланыңыз және ешқашан қиындыққа берілмеңіз. Өмірде кездесетін сынақтар мен кедергілер – сізді мықты әрі табанды ету үшін беріледі. Әр азаматтың жетістігі – еліміздің жарқын болашағының негізі екенін ұмытпаңыз», - деп өңір басшысы болашақ ақхалаттыларға жол сілтеді.
🌍 Жиында отаншылдық, әділдік, еңбекқорлық, кәсіби біліктілік, жаңашылдық, заң мен тәртіп, бірлік пен ынтымақ сияқты құндылықтар кеңінен талқыланды.
🔬 Ғалым Күнсұлу Закарья QazVac вакцинасының жасалу жолы арқылы отандық ғылымның әлеуетін атап өтті.
🌟 Нейрохирург Мыңжылқы Сайлауұлы, ғалым Елтай Өтемұратұлы, прокурордың бірінші орынбасары Талғат Әлібаев және Вадим Медовщиков кәсібилік, әділдік, заң мен бірлік туралы ой бөлісті.