
Облыс әкімі Асхат Шахаров жұмыс сапары барысында алдымен Қарауылкелді ауылына барды. Мұнда ол «Ақрайыс-2025» АӨК-нің мал сою және өңдеу цехы құрылысының барысымен танысып, сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы тұрғындар үшін салынып жатқан тұрғын үйлерді бағамдады.
💬«Ақрайыс-2025» АӨК өкілі Руслан Хайрмухамбетовтың айтуынша, 100 бас жылқыға арналған бордақылау алаңы, жем-шөп пен астық сақтайтын қоймалар, 15 бас ірі қара малға арналған сою цехын және еттен жартылай фабрикаттар өндіретін заманауи өңдеу цехын салу жоспарланып отыр. Жеке инвестиция көлемі 87 млн теңгені құрайды, қазіргі таңда жұмыстың 80 пайызы аяқталған.
🏭 Цехтар іске қосылғаннан кейін «Ақрайыс-2025» АӨК сүт өнімдерін, оның ішінде қымыз бен жартылай фабрикаттарды өндіруді жолға қойып, өнімдерін өз брендімен шығаруды қолға алған.
🏠Одан кейін Асхат Шахаров облигациялық бағалы қағаздар есебінен қаржыландырылып жатқан әлеуметтік осал санаттағы тұрғындар үшін салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысын қарап шықты.
💬Байғанин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Нұржан Жұбаныштың мәліметінше, 43 пәтерден тұратын 22 үй салынған. Бұл тұрғын үйлер халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына, жетім балалар және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасылар, және 1 -2 топ мүгедектері, толық емес отбасы, зейнеткерлер, мүгедек бала асыраушы отбасыларына арналған кезекте тұрғандар үшін қарастырылған. Үйлерге барлық инженерлік желілер — электр қуаты, су және газ тартылған. Аталған мақсаттарға жалпы құны 819 млн теңге бөлінген.
📌Облыс әкімі барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Асхат Шахаров әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарды қолжетімді әрі жайлы баспанамен қамтамасыз ету өңір үшін басым бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтіп, жүзеге асырылып жатқан жобалар аудан тұрғындары үшін лайықты өмір сүру жағдайын қалыптастыратынына сенім білдірді.