
Ақтөбеде халықаралық университеттермен бірлескен білім және ғылым жобалары талқыланды
🎓Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, Heriot-Watt University ректоры Ричард Уильямс және Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры Лаура Қарабасованы қабылдады.
📑Кездесу барысында өңірдегі білім және ғылым салаларын дамыту, халықаралық тәжірибе алмасу және университеттердің стратегиялық дамуы мәселелері қаралды.
📌Өңір басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылы Ақтөбеде жұмысын бастаған Ұлыбританияның жетекші техникалық университеті Heriot-Watt University халықаралық кампусының құрылысы белсенді түрде жүргізіліп жатқанын айтып өтті. Бүгін құрметті қонақтар оқу-зертханалық корпустың салтанатты тақтасын ашу шарасына, сонымен қатар, өңірлік университет пен Миннесота университетінің бірлескен Халықаралық зерттеу құзыреттіліктерін дамыту орталығының ашылуына қатыспақ.
🌟Бұл жобалар өңірдегі жоғары білім сапасын арттыруға және жастарға халықаралық тәжірибе алу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.