
Ақтөбе облысы Беларусь Республикасымен ынтымақтастықты нығайтуда
⚜️Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров «AQTOBE INVESTMENT FORUM – 2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында Қазақстандағы Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Богдановпен кездесті.
🤝Кездесу өңір мен беларусьтік серіктестер арасындағы жан-жақты және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылауға арналды.
♦️2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Актөбе облысы мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 38,8 млн АҚШ долларын құрады. Әкім екіжақты сауданы кеңейтуге, өзара жеткізілімдердің аясын ұлғайтуға және түрлі салаларда бірлескен жобаларды іске асыруға үлкен әлеует бар екенін тілге тиек етті.
🌾Кездесу барысында дәнді дақылдар секторы, жер пайдалануды оңтайландыру, жем-шөп өндіру және ауыл шаруашылығы жобаларын қаржылық қолдау бағыттарында бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктері де қарастырылды.
🌟Өңір басшысы беларусьтік серіктестермен белсенді ынтымақтастық облысқа өнеркәсіпті жедел дамытуға, өнім сапасын арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге және білікті кадрлар тартуға көмектесетініне сенім білдірді.