
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров «AQTOBE INVESTMENT FORUM – 2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында Қазақстандағы Американдық сауда палатасының атқарушы директоры Джефф Эрлихпен кездесті.
Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және өңірге америкалық инвестицияларды тарту перспективалары талқыланды.
2025 жылдың алғашқы он айында Ақтөбе облысы мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 13,4 млн АҚШ долларына жетті, оның ішінде экспорт – 8,2 млн, импорт – 5,2 млн доллар. Әкімнің сөзінше, бұл көрсеткіштер ынтымақтастықты кеңейтуге және өңірге жаңа америкалық инвестициялар тартуға тұрақты негіз.
Кездесу барысында америкалық компаниялармен өзара іс-қимылдың нақты мүмкіндіктері және АҚШ тәжірибесі мен технологиялары ерекше тиімді бола алатын бағыттар талқыланды. Облыс әкімі одан әрі диалог пен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға әзір екенін жеткізді.