Ақтөбелік оқушы қалдықтардан құрылыс материалдарын өндіретін зауыт жобасын ұсынды.

Ақтөбелік оқушы қалдықтардан  құрылыс материалдарын өндіретін зауыт жобасын ұсынды.

Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарақұдық орта мектебінің 9-сынып оқушысы Құснатдин Қуаныш «Ақтөбе қаласының тұрмыстық қалдықтарын қайта өңдеу» тақырыбында қоқысты тиімді өңдеп, одан құрылыс материалдарын өндіретін зауыттың бизнес-жоспарын әзірледі.

♻️Қуаныш ұсынған «Болашақ» ЖШС зауытының жобасы – экологиялық ахуалды жақсартуға, қоқыс көлемін азайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңір экономикасын дамытуға бағытталған тың бастама.

📌Жас зерттеуші зауыттың макетін жасап, нақты технологиялық шешімдер мен іске асыру тетіктерін ұсынды. Жоба 2025 жылдан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асып, 2030 жылы толық қуатына шығуы жоспарлануда.

🏆Биылғы 2024–2025 оқу жылында өткен «ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсында Қуаныштың еңбегі жоғары бағаланып, ол жүлделі ІІ орынды иеленді.

💬«Қоршаған ортаны қорғау – әр адамның борышы. Егер біз бүгін табиғатқа қамқорлық танытсақ, ертең таза әрі қауіпсіз елде өмір сүреміз. Менің арманым – елімнің экологиясына өз үлесімді қосу және болашақта осындай зауыттардың шын мәнінде іске қосылуын көру», – дейді жас зерттеуші Қуаныш.