Мерейтойлық шара Өнер орталығында жалғасты. Мұнда «Мыңжылдықты болжаған Мөңке би» ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияда сөз алған облыс әкімі Асхат Шахаров ұлы тұлға, данышпан би, ағартушының есімін ұлықтаудың маңыздылығын атап өтіп, оның даналығы мен әділдігі бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін үлгі болып қала беретінін айтты.
📌Мөңке бидің 350 жылдығы тек өңір тұрғындары үшін емес, бүкіл ел үшін маңызды оқиғаға айналып, қазақ халқының рухани мұрасын, тарихи жады мен мәдени болмысын сақтаудың маңыздылығын айқындап отыр.