Ақтөбе облысында коммуналдық инфрақұрылым жаңғыртылуда
Ақтөбе облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жүйелі жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Негізгі мақсат – халықтың тұрмыс сапасын арттыру.
💨 Газдандыру
Бүгінде 172 елдімекен (облыстағы елдімекендердің 53,9%-ы) газға қосылған. Бұл 887 мыңнан астам адамды немесе өңір халқының 95,6%-ын қамтиды.
2025 жылы 27 ауылға газ тарту жоспарланып отыр. Жобалар толық іске асқанда, облыс халқының 97%-дан астамы газбен қамтылатын болады.
💧 Ауыз су
Қазіргі таңда 291 ауыл немесе 99,2% халық сапалы ауыз сумен қамтылған.
2025 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 301 ауылға жетіп, 99,9%-ды құрайды.
🔥 Жылыту маусымына дайындық
2024 жылы 19,1 млрд теңге бөлініп, 633 қазандық, 7,1 км жылу, 32,9 км су-кәріз, 833 км электр желілері жөнделуде.
Көмір мен дизель отыны алдын ала жеткізілген.
🏗 Кәріз және кәсіпорындар
Ақтөбедегі кәріз тазарту нысаны Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп жаңғыртылуда.
«Ақтөбе ЖЭО» 13 қазандықты, 6 турбоагрегатты жөндеді.
«Энергосистема» 665 км электр желісін жаңартты.
«Aqtobe su-energy group» 27 қазандық пен 7 км жылу желісін жөндеді.
📍 Барлық жобалар облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.