Ақтөбе облысында жолаушылар тасымалы мен жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғасуда. 2025 жылы облысішілік 12 бағыт бойынша автобус тасымалдарына 577,7 млн теңге бөлініп, жарты жылда 245,5 мың жолаушы тасымалданды. Ақтөбе – Ырғыз, Ақтөбе – Ойыл, және Ақтөбе – Т.Жүргенев бағыттары іске қосылды.
Теміржол қатынасында «Ақтөбе–Шалқар» әлеуметтік бағыты ұйымдастырылып, 108,1 мың жолаушы тасымалданды. Бұл бағытқа 494,8 млн теңге субсидия қарастырылған.
🔸Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай 2025 жылдың алғашқы жартысында 532,4 мың жолаушыға қызмет көрсетіп, көрсеткіш 105%-ға өсті. Қазіргі таңда әуежайдан 6 ішкі және 4 халықаралық рейс орындалуда. Ұшу-қону жолағын жөндеуге 500 млн теңге бөлінді.
✔️Соңғы үш жылда 1 200 шақырымнан астам жол жөнделіп, жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 78%-ға жетті. 2025 жылы автожол саласына 59,9 млрд теңге бөлініп, 464 км жолды қамтитын 156 жоба жүзеге асырылады. Ауылішілік 56 жолды жөндеуге 9,9 млрд теңге қарастырылып, 99,9 км жол жаңартылады. Жобалар аяқталғаннан кейін жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 82%-ға жеткізілмек.