«Ауыл – Ел бесігі» жобасы Ақтөбе облысында ауылдарды дамытуға серпін беріп отыр.
2019 жылдан бері 190 мыңға жуық тұрғын тұратын 100-ден астам ауылда инфрақұрылым жақсарды, әлеуметтік нысандар жаңғыртылды.
🔧 5 жылда 200-ден астам жоба іске асырылып, 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.
📅 Биыл 33 тірек ауылда 11 млрд теңгеге 54 жоба жүзеге аспақ. Оның ішінде мектеп, балабақша, жол, жарық және басқа да маңызды нысандар бар.
Ауыл – елдің діңгегі. Жоба аясындағы жұмыстар жалғасады.