Жәрмеңкеге келушілер тоннадан астам ет, сондай-ақ шұбат, қымыз, құрт, сүзбе, сары май, жұмыртқа, түрлі нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, көкөністер және басқа да жоғары сапалы табиғи өнімдерді сатып алуға мүмкіндік алды.
Бұл жәрмеңкенің маңызды артықшылықтарының бірі орташа нарықтан 10-15% төмен бағалар болды.
📌Айта кету керек, мұндай іс-шаралар облыс орталығында үнемі өткізіліп тұрады, бұл Ақтөбе тұрғындарына сапалы өнімдерді тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік беріп, сонымен қатар жергілікті өндірісті қолдау мен дамытуға ықпал етеді.