
Ағымдағы жылы облыстық маңызы бар "Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық автомобиль жолындағы су өткізгу құбырын күрделі жөндеу" жобасына конкурс нәтижесі есебінде "А.Т.Е.-ЖОЛ" ЖШС-мен құрылыс-монтаж жұмыстарына келісім-шарт жасақталды. Қазіргі таңда аталмыш учаскеде жауапты мердігер мекемемен барлық құрылыс материалдары дайындалып, жөндеу жұмыстары басталды. Атап айтқанда, ескі су өткізгіш құбырларды бөлшектеу(демонтаж), шұңқырларды(котлован) қазу сынды жұмыстар атқарылуда. Жұмыстардың өндірістік кестесіне сәйкес аталмыш нысанда жұмыстарды ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда. Осыған орай, тұрғындардан түсіністік танытып, жол ережелерін қатаң сақтаулары сұралады.