Ағымдағы жылдың 30 мамырында Ақтөбе облыстық Қоғамдық кеңесінде «Өңірдегі республикалық, облыстық, ауданаралық, автомобиль жолдарының сапасы мен оны күтіп ұстау мәселелері» тақырыбында отырыс өткізді.
Күн тәртібінде «2022-2024 жылдар бойынша Ақтөбе облысындағы автомобиль жолдарының құрылысы және жөндеу барысы туралы» - Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы А.Қайыр
баяндады. Кеңес мүшелері мен сарапшылары жол мәселесін көтеріп, жауапты мамандарға сауалдарын қойды.