Құмқұдық ауылына баратын аудандық маңызы бар жолды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Құмқұдық ауылына баратын аудандық маңызы бар жолды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

🚜 Қарабұтақ-Қостанай Республикалық трассадан Құмқұдық ауылына дейінгі 25 км жолдың 0-10 км учаскесінде асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

🛣️ Жұмысты мердігер — «Ремгорстрой» ЖШС жүзеге асыруда. Мердігер барлық жұмыстарды сапалы әрі уақытында орындауы бақылауда.

👷‍♂️ Жөндеу жұмыстары маусым айының соңына дейін толық аяқталуы жоспарланып отыр. Бұл — ауылдың инфрақұрылымын дамытып, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды жоба.