Облыс әкімінің Балаларды қорғау күніне арналған құттықтауы

Облыс әкімінің Балаларды қорғау күніне арналған құттықтауы


Бүгін өңір басшысы Ақтөбедегі «Қазақ халқына мың алғыс стеласы алаңында өткен мерекелік шараға қатысты. Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында ол шара туралы, сондай-ақ, мемлекет тарапынан балаларға бар жағдай жасалып жатқанын жазған.

«Бала — бауыр етің, болашағың, бақытың!

Бүгін өңірімізде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні кең көлемде және көтеріңкі көңіл-күймен аталып өтуде. Ақтөбедегі мерекелік іс-шаралар «Қазақ халқына мың алғыс» стеласының жанында ұйымдастырылып, балалар мен ата-аналар үшін шығармашылық, техникалық және ойын-сауық алаңдары жұмыс істеді. Балаларға арналып түрлі байқаулар, шеберлік сабақтары, көрмелер мен ойындар өтуде, өзім осы жарқын шараның куәсі болдым.

Балалардың амандығы – мемлекет үшін басты басымдық.
Білімді, дені сау, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу – біздің ортақ міндетіміз. Әрбір баланың бақытты балалық шағы болуына бар күшімізді саламыз. Бүгінгі балалар – ертеңгі елдің тірегі.

Барша жас достарыма мықты денсаулық, бақытты балалық шақ тілеймін! Тек алға ұмтылып, еліміздің абыройын асқақтататын азамат болып өсіңіздер!

Мерекелеріңізбен!

Жарқын болашақ — өздеріңнің қолдарыңда!», -деді ол жазбасында.