
Т. Жүргенов ауылының тұрғындары көптен бері көтеріп жүрген көлік мәселесі өз шешімін тапты.
Енді Ақтөбе қаласы мен Әйтеке би ауданының Т. Жүргенов ауылы арасында екі жаңа қоғамдық көлік тұрақты түрде қатынайтын болады.
Аталған бағытта жолаушыларға 16 орындық, жайлы және заманауи ГАЗель маркалы көліктер қызмет көрсетеді. Бұл өзгеріс ауыл тұрғындарының қалаға қатынауын жеңілдетіп, күнделікті өміріне үлкен қолайлылық әкелмек.
Қоғамдық көлік қозғалысының күнделікті кестесі төмендегідей:
Т. Жүргенов ауылы – Ақтөбе қаласы бағыты бойынша:
– Бірінші көлік: сағат 06:00
– Екінші көлік: сағат 07:00
(Ауыл әкімшілігі ғимараты маңынан қозғалады)
Ақтөбе қаласы – Т. Жүргенов ауылы бағыты бойынша:
– Бірінші көлік: сағат 14:20
– Екінші көлік: сағат 16:00
(«Сапар» автовокзалы маңынан қозғалады)
Жол ақысы – 2 500 теңге.
Жаңа көлік бағыты – ауыл мен қаланың арасын жақындатып, тұрғындардың қатынауын қолжетімді әрі ыңғайлы етуге бағытталған нақты қадам. Бұл бастама тұрғындардың күнделікті тіршілігіне оң әсерін тигізеді деген сенім бар.