Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында өңір басшысы республикалық және халықаралық деңгейде аймақтың намысын қорғап жүрген дарынды оқушылармен кездесу өткізді.

Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында өңір басшысы республикалық және халықаралық деңгейде аймақтың намысын қорғап жүрген дарынды оқушылармен кездесу өткізді.

Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында өңір басшысы республикалық және халықаралық деңгейде аймақтың намысын қорғап жүрген дарынды оқушылармен кездесу өткізді.
 
🔹Жүздесу бейресми, ашық диалог форматында ұйымдастырылды. Жиынға аймақтың үздік 40 оқушысы қатысты. Олардың әрқайсысы білімі мен еңбекқорлығының арқасында түрлі деңгейдегі зияткерлік жарыстарда лайықты жеңістерге қол жеткізген озаттар. Бұл - балалар аймақтың нағыз мақтаныштары және өз қатарластары үшін үлгі.
 
Асхат Шахаров басқосу барысында әр оқушының аймақ беделіне қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.
 
💭«Жеткен жетістіктеріңіз - сіздердің ғана емес, ұстаздар, ата-аналар және бүкіл білім беру жүйесінің орасан зор жұмысының нәтижесі. Біліміңіз бен мақсаттылығыңыздың арқасында Ақтөбе облысы республикалық және халықаралық аренада көшбасшы орын алады. Біз сіздермен мақтанамыз!», - деді аймақ басшысы.
 
🥇 Бүгінде өңірдің жас дарындары түрлі беделді алаңдарда өздерін сенімді түрде көрсете алады. Бір ғана республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 35 жүлделі орынға ие болды, ал аймақ тобы «Үздік олимпиада командасы» мәртебесін алды.
 
📌Соңғы екі жылда 34 оқушы халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері атанды. Бразилиядағы Халықаралық Менделеев олимпиадасындағы Данияр Базарбай мен Аңсар Жақсылықовтың күміс жүлдесі, сондай-ақ Ирандағы халықаралық физикалық Олимпиададағы (IPhO-2024) Артур Кимнің жеңісі тарихи болды. Бұл - 10 жылдағы алғашқы медаль.

🔸Оқушылар облыс әкіміне болашаққа және мамандық таңдауға қатысты сұрақтарын қойды. Асхат Шахаров білімге ұмтылудың маңызын атап өтіп, IT, медицина, инженерия, экология, педагогика және қазіргі әлемде сұранысқа ие басқа да бірқатар негізгі бағыттар жайлы айтып берді. 
 
💭«Қызығушылықты бағамдап үйрену керек және оқудан ешқашан қорықпаңыздар. Алған білімдеріңіз, дамуға деген ұмтылыстарыңыз -  аймақ пен елдің табысты болашағының кілті. Ал біз, сіздердің әлеуеттеріңізді толықтай ашу үшін барлық жағдайды жасаймыз», - деді өңір басшысы.
 
🎓🚀 Асхат Шахаров жас әрі озат буынға жаңа жетістіктер тілеп, жергілікті биліктің ғылым мен білім беруде дамытуды жалғастыруға әзір екендігін алға тартты.