2025 жылғы 29 мамырда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Отбасы – тәрбие бастауы» онкүндігі аясында «Салауатты ұрпақ – ұлт байлығы» атты III Халықаралық форум өтті.
🧠📘 Іс-шараның мақсаты - жаһандық өзгерістер жағдайында жастарға сапалы білім беру мен психологиялық қолдау жүйесін жетілдіруге бағытталған тиімді стратегиялар мен шешімдерді ұсыну.
🤝🌐 Ауқымды шараға жоғары санатты психолог мамандар, ЮНЕСКО, ИСЕСКО, БҰҰ, жастар саясаты салалары сарапшылары, Ұлттық комиссия, жергілікті басқарма және құқық қорғау органдары өкілдері, сонымен қатар еліміздің 15-ке жуық жоғары оқу орындарынан және Өзбекстан, Ұлыбритания елдерінің университеттерінен ғалымдар қатысты.
🔹Университет ректоры, форум модераторы Лаура Қарабасова қатысушыларға сәттілік тілеп, бұл шара өзекті мәселелерді талқылап қана қоймай, нақты әрекеттерге бастайтын алаң екенін атап өтті.
📌📚 Форум аясында сондай-ақ сараптамалық пікірталастар өтіп, жастардың психикалық денсаулығын қорғау, білім беру жүйесін заманауи талаптарға бейімдеу және тәуекелдерді басқару стратегиялары ұсынылды.