Мыңдаған ақтөбелік қала күнін ерекше және ауқымды түрде атап өтті

Мыңдаған ақтөбелік қала күнін ерекше және ауқымды түрде атап өтті

📍 Ақтөбеде қала тұрғындары мен қонақтары «Қазақ халқына мың алғыс» стеласының алаңына жиналып, ең сүйікті мерекелердің бірі — Қала күнін атап өтті. Іс-шара көтеріңкі көңіл-күйде, бірлік пен туған өлкеге деген мақтаныш рухында ұйымдастырылды.

Сағат 20:00-де үлкен мерекелік концерт басталды. Күннің шарықтау шегіне айналған шараға орай, Әбілқайыр хан даңғылында көлік қозғалысы уақытша тоқтатылып, ақтөбеліктер жол бойымен еркін серуендеу мүмкіндігіне ие болды.

Концерттік бағдарламада танымал қазақстандық әншілер Қанат және Света Айтбаевтар, Дулат пен Рита Айтжановтар, Айгүл Иманбаева, Дастан Оразбек, Калифарния, Диана Исмаилова, Жандос Қаржаубай мен жергілікті өнер ұжымдары өнер көрсетті. Сахнада әншілер, бишілер, акробаттар және тіпті көрермендерді ерекше шоуларымен таңғалдырған роботтар да болды. Кештің көркін жарық пен лазерлік инсталляциялар аша түсті, олар мерекелік атмосфераны айшықтай түсті.

Мерекелік кештің соңы жарқыраған отшашумен аяқталып, қаланың түнгі аспанын нұрға бөлеп, жиналған халықтың зор қуанышын тудырды.