Бүгін еліміздің бас қаласы Астанада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының кезекті құрылтайы өтті. Шараға 300-ден астам тіл жанашыры, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламентінің депутаттары мен қоғамның аймақтық филиал төрағалары қатысты.
Ақтөбе облысынан құрылтайға:

Тілдерді дамыту басқармасының басшысы А. Қонақбаев

Бөлім басшысы М. Жанасова

Облыстық филиал төрағасы Р. Рахиев

Қалалық филиал төрағасы Н. Алдашев
қатысып, өңірдегі тіл саясатының өзекті мәселелерін ортаға салды.
Құрылтай барысында:

2024 жылғы жұмыс қорытындысы

«Qazaq Tili» эндаумент қорының жұмысы

Қоғам жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
сияқты маңызды мәселелер талқыланды.
Тіл саясаты – ұлттық саясаттың өзегі. Мемлекеттік тілді дамыту, оның қолдану аясын кеңейту – ұлт болашағына салынған даңғыл жол. Бүгінгі құрылтай қазақ тілінің қадірін арттырып, елдіктің асқақ мұраттарына жетелер тағы бір маңызды қадам болды.