Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Оның мәртебесін көтеру – ортақ мүдде. Осы орайда, 20 қыркүйек күні «СНПС-АМГ» АҚ-ның мәжіліс залында Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы А.Қонақбаевтың, «Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» бірлестігінің Ақтөбе облыстық ұйымының төрағасы Роман Рахиевтің, «Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» бірлестігінің Ақтөбе қалалық ұйымының төрағасы Н.Алдашевтің, Тілдерді оқыту орталығының директоры К.Серғазинаның және Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Қ.Сағынбаеваның және тіл жанашырларының қатысуымен, «Қазақ тілі - ұлттар бірлігінің ұйытқысы» тақырыбында семинар өтті.